Атырау МӨЗ-де қаланың тұрғын үйлерін айналып өтетін айналма теміржол салынуда
29 Апреля 2016
1931
АтырауМӨЗ,
теміржол
Алматы. 29 сәуір. Ақпараттар орталығы. Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа нысандарына айналма теміржол салынуда, ол АМӨЗ аймағындағы шуды азайтып, елдімекендер ауданы арқылы жарылу қаупі бар заттарды тасымалдау барысындағы тәуекелді төмендетеді.
Хабарланғандай, Атырау МӨЗ-де жаңғырту бағдарламасы бойынша мұнайды тереңнен өңдеу кешенінің өндіріс нысандарымен бірге кірме жолдыңда құрылысы жүргізілуде. Теміржол Теңдік станциясына келіп қосылатын болып салынуда. Құрылыс аяқталғанға дейін өндіріліп жатқан мұнай өнімдері мен шикізаттар Ақжайық теміржол станиясы арқылы тасымалдануда.
«АМӨЗ-ге апаратын теміржол жолағын көшіру әлеуметтік және әлеуметтік жағдайларға байланысты», - делінген зауыт баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жаңа теміржол жолағы мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауда қала құрылыстарын айналып өтуге мүмкіндік береді, Ақжайық станциясы ауданының тұрғын үйлер орамында барынша өрт, экологиялық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жобада Теңдік станциясынан жаңа Өндіріс станциясына дейін ұзындығы 7,5 км теміржол жолағын жүргізу қарастырылған. Ал, АМӨЗ-дің жалпы зауыт ішілік жолының ұзындығы 3,1 км. Сонымен қатар, салынып жатқан Өндіріс теміржол станциясы өзіне 24 нысан мен құрылыс кіреді. Жұмыс істеп жатқан Теңдік станциясын қайта құру аясында вокзал құрылысын, инженерлік коммуникациялар мен ауланы абаттандыру жұмыстары көзделген.
Бүгінде Өндіріс станциясы бойынша 1,1 млн.м3 топырақ, 470 мың.м3 шағыл төселген, 2 металл теміржол көпірі құрастырылды, 2 темірбетон көпір, 1 автомобиль көпірі салынды, 30,2 км кабельді өнім тартылды. Өндіріс станциясында 17,2 км рельстішпал торлары төселді немесе 95%. Су құбырының сыртқы инженерлік желісі 2,5 км, газқұбыры - 0,8 км, электр энергиямен қамтамасыз ету желісінің – 6 км тартылды. Өндіріс станциясына келетін кірме жолдар құрылысының 80% іске асырылды. Теңдік станциясынан Өндіріс станциясына дейін ұзындығы 7,5 км жолға топырақ төсеу 80%-ға жүргізілді, 4,7 теміржол жолағының рельстішпал торлары төселді.
Теңдік станциясында нысан мен инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталды, теміржол станцияларын қайта құруға 5,1 км жол салынды, 42 бағыттама тіл орнатылды.
Жобаның стратегиялық маңызын ескере келе «ҚМГ-ӨМ»АҚ оның жүзеге асырылу барысын бақылауда.
Кешеннің құрылысын аяқтау маусым айының аяғына, ал нысанды іске қосу ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айына жоспарланған.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В 2026 году в Казахстане на воинскую службу призовут более
ru Карагандинская область – четвёртая по вкладу в экономику Казахстана
ru В области Ұлытау раскрыта схема незаконной добычи марганцевой руды на
ru На вокзалах внедрена новая услуга сопровождения пассажиров с инвалидностью
ru В Исламабаде начался бизнес форум «Казахстан-Пакистан»
ru Сотрудники МЧС спасли лошадь, упавшую в колодец
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

+77772555856
Написать нам




