• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Астана қаласында тәулігіне 100 тонна қоқыс шығарылады

Алматы. 8 мамыр. Ақпараттар орталығы - Астана – ел жүрегі ғана емес, тазалығы мен тәртібі үйлескен заманауи мегаполис. Бірақ бұл келбетті күн сайын ұстап тұру үшін көзге көрінбейтін ерен еңбек қажет. Бүгінде қала аумағынан тәулігіне 100 тоннадан астам қоқыс пен жиналған топырақ шығарылады. Бұл – бір ғана көрсеткіштің өзі-ақ коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы көп нәрсені аңғартады. Жас қаламыздың көрікті келбетін сақтауға септігін тигізіп жүрген – «Астана Тазалық» мамандары десек, артық айтқанымыз емес.

«Астана Тазалық»  серіктестігінің 700-ден астам қызметкері қала тазалығына күндіз-түні үлес қосуда. Қала бойынша барлық негізгі көшелер мен тұрғын аудандарда тазалық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Аялдамалар, тротуарлар мен қоғамдық орындар ерекше назарда. Қала көшелерімен зырлаған техникаларды да күніге көзіміз шалып жүр. Аталмыш техниканың 340-тан астам бірлігі тазалық сақшыларымен бірге қызмет сабында. 

– Көктем – тазалық жұмыстарының ең қызған шағы. Осы мезгілде қаланың әр бұрышын қамтып, тіпті шеткері аймақтар мен жеке секторларға дейін тазалық шараларын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс күздің соңына дейін жалғасады. Біздің жұмысшылар күндіз де, түнде де тынымсыз еңбек етуде. Қаланың тазалығына үлес қосып жатқан әр маман – өз ісінің шебері. Бұл – көпшілік байқамайтын, бірақ әр тұрғынның жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін ауыр еңбек, – дейді серіктестіктің өндіріс-техника бөлімі басшысы Ержан Пашанов.

Осы ретте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен ел көлемінде бастау алған «Жұмысшы мамандықтар жылы» ерекше мәнге ие. Ел экономикасын алға жылжытып, күнделікті тіршілікті қамтамасыз етіп отырған еңбек адамдарының, соның ішінде тазалық қызметкерлерінің үлесі елеулі.

Санитарлық шаралармен қатар, қала басшылығы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге де көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта сенбіліктер мен экобастамалар ұйымдастырылып, жастар мен еріктілерді жұмылдыру жұмыстары жолға қойылған. Бұл – тек тазалық емес, ұрпаққа үлгі болатын тәрбиелік мәні бар іс.

ru Поручено ускорить работу по возврату неиспользуемых земель в Талгарском районе

ru МВД предупреждает граждан о схемах наркобизнеса с участием дропперов

ru Рисунок восьмилетней карагандинки признали лучшим на Международном фестивале детского творчества

ru Глава государства: «Важно уберечь подрастающее поколение от социальных пороков»

ru Не допускать проявления буллинга, жестокости и агрессии в школе призвал

ru Президент предложил внести поправки в Закон «О статусе педагога» для

ru В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок

ru Преступные группы скотокрадов задержаны в трех регионах страны

ru В Казахстане появилось первое Управление по защите прав детей

ru Определены сроки начала и окончания учебного года

ru Президент принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане

ru Глава государства поздравил Премьер-министра Пакистана Шахбаза Шарифа

ru Под председательством Токаева состоялось заседание Совбеза по вопросам противодействия наркотизму

ru Президент поручил усилить работу по профилактике наркомании

ru Двухэтажное здание сносят в центре Алматы

ru О запуске услуг спутникового интернета Starlink сообщило МЦРИАП

ru Что делать при блокировке банковского счета рассказали в АРРФР

ru Тонна плова и выпечки на продажу: ярмарка продукции из Таджикистана

ru 103 кг марихуаны — улов полиции в области Улытау

ru Сегодня день Каспийского моря

ru В Казахстане в скором времени все председатели ОСИ будут обязаны

ru Полиция обеспечила безопасность на концерте Дженнифер Лопес в Алматы

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 28,4 тыс.

ru В Алматы обсудили развитие международных автоперевозок

kz Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні

ru Туристов берут под контроль прямо в аэропорту столицы

ru Сотрудники МЧС при пожаре эвакуировали и спасли более 25 человек

ru Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным

ru Токаев принял Уполномоченного по защите прав предпринимателей