• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Асхат Аймағамбетов: 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы екі есе артатын болады

Фото: ҚазАқпарат

Алматы. 2 қазан. Ақпараттар орталығы -  Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аимағамбетов «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ең басты маман ол - ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық маманды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінде мемлекетімізде ұстаздардың мәртбесін көтеру, оларғатиісті жағдай жасау үшін үлкен іс-шаралар басталып, жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал саясатының аясында елімізде білім саласын дамытуға зор көңіл бөлініп, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына ерекше назар аударып, жуырдағы Жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді», - деді министр шара барысында. 

Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Жалпы 1-2 жылдың ішінде ұстаздардың жалақысы 2 есе артатын болады. 

«Бүгін ұстаздарымыз үшін тиісті жағдай жасауымыз керек. Ол үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Педагогтардың мәртебесі туралы арнайы Заң қабылданды. Сол Заңның аясында 70-тен астам бұйрық пен қаулы қабылданып, қолданысқа енгізілді. Өте үлкен проблемалар болды. Оны білеміз. Қағазбастылық проблема болғаны белгілі. Бұған қоса,мұғалім мамандығын таңдайтын жақсы түлектер аз еді. Мұғалімдердің қызметіне тән емес жұмыстарға тарту проблемасы да болды. Осы мәселелерді шешу үшін ел Президентінің тапсырмасы аясында кешенді жұмыстар іске асырылды», - деді ол.

 Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде биыл «Алтын белгі» алған түлектердің ішінде мұғалім мамандығын таңдағандар 2 есе өсті. 1 қыркүйектен бастап педагог мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы 26 мыңнан 42 мыңге дейін артты. Шара барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аимағамбетов «Үздік педагог-2020 байқауының жеңімпаздарына 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен мен төсбелгілерді табыстады.

Источник: ҚазАқпарат

ru Видеожетоны и видеорегистраторы будут использовать в СИЗО КНБ

ru Около 400 тысяч новых ученических мест ввели в 2024-2025 учебном

ru В Казахстане засеяно более 5,2 млн га сельхозугодий

ru Алматы планирует привлечь 2,2 трлн тенге инвестиций в основной капитал

ru Количество действующих субъектов бизнеса в Алматы достигло 378,9 тыс. ед.

ru В Алматы расширяют географию ярмарок выходного дня

ru Количество автомобилей в Казахстане перевалило за черту в 6 миллионов

ru Скрытые жемчужины Казахстана: ТОП-5 направлений вне массовых туристских маршрутов

ru Мажилис начал прием заявок на соискание премии «Парламент сөзі»

ru Обновлены правила прикрепления казахстанцев к поликлиникам

ru Введен временный запрет на вывоз бычков КРС

ru Прокуратура выявила незаконную попытку продажи человеческих органов

ru Алматы представлен как гастрономическая столица Центральной Азии

ru Глубокую переработку яиц наладят в Казахстане

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 15,1 тыс.

ru Открывается прямой рейс в Иорданию

ru Прокурорами в области Жетісу защищены права на землю более 100

ru Новые услуги добавили реестр госуслуг

ru «Qazaq Arab Sugar» построит в Казахстане завод мощностью 500 тыс.

ru В СЭЗ «Alatau» будут производить корм для домашних животных

ru Более 14,9 тыс. лицам с инвалидностью оказаны меры содействия занятости

ru Количество провайдеров электроэнергии увеличивается

ru Компания LuLu заинтересована в реализации совместных проектов с казахстанскими производителями

ru В Алматы началась модернизация маршрута к радоновому источнику «Алма-Арасан»

ru Правила наложения дисциплинарного взыскания на госслужащих изменили в Казахстане

ru 25 000 агроформирований занимаются хлопководством

ru В Семее вынесен приговор участникам транснациональной группы контрабандистов сигарет

ru В Казахстане введена обязательная сертификация наставников для детей-сирот

ru Мерами прокуратуры Акмолинской области учителям выплачена заработная плата на сумму

ru Қуаныш Сұлтанов награжден орденом «Отан»