Әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты
15 Февраля 2016
1449
Зейнетақы,
ӘскериҚызметшілер
Алматы. 15 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты. Бұдан бұрын 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери еңбек өтілі 10 жылдан кем Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне бюджеттік қаражат есебінен ақшалай ұсталымның 20 пайызы көлемінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары тәртібі енгізілген болатын.
«Осы түзетулер арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, сондай-ақ 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы атақ пен сыныптық шендерді тағуға, нысанды киім киюге құқықтарынан айырылған тұлғаларға қатысты болды», — делінген хабарда.
Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруды жалғастыра беретінін айта кеткен жөн.
Қорғаныс министрлігінде еске салғандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан кейін жұмыстан босатылған және еңбек сіңірген немесе жалпы еңбек өтілі 25 жыл, оның ішінде 12 жарым жылы үздіксіз әскери қызмет болса толық көлемде зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге жеткізе отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүзеге асырылады.
Хабарда түсіндірілгендей, мемлекет аударған жинақталымның жартысын қолданыстағы әскери қызметшілерге, толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушыларға және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қызметке алғаш рет орналасқан және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алу құқығына ие әскери қызметшілерге қайтару қажет.
«Зейнетақысы толық көлемде тағайындалған қолданыстағы әскери қызметшілерге бұның еш қатысы жоқ. Олар белгіленген зейнетақы төлемдерін алуды әрі қарай жалғастыра береді», — делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В 2026 году в Казахстане на воинскую службу призовут более
ru Карагандинская область – четвёртая по вкладу в экономику Казахстана
ru В области Ұлытау раскрыта схема незаконной добычи марганцевой руды на
ru На вокзалах внедрена новая услуга сопровождения пассажиров с инвалидностью
ru В Исламабаде начался бизнес форум «Казахстан-Пакистан»
ru Сотрудники МЧС спасли лошадь, упавшую в колодец
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

+77772555856
Написать нам




