• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Арыста өз қызын зорлап келген көпбалалы әке 20 жылға сотталды

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 11  желтоқсан. Ақпараттар орталығы - Түркістан облысында тергеушілер педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеді. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Тергеушілердің өндірісінде әрқилы істер кездеседі. Кейде оларды зерттей отырып, жәбірленушілердің де, күдіктілердің де тағдыры қайғылы болатынын түсінесің, әсіресе ата - аналарының өз балалары қылмыстың құрбаны болған кезде» дейді Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов.

Осы жылдың басында Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонында кездейсоқ күйеуінің жіберген хабарламаларын тауып алғанын айтты. Оның жіберген мәтіндерінің мазмұны күдік тудырған. Содан соң қызымен ашық сөйлесіп, нәтижесінде күйеуінің өз қызын зорлап жүргенін түсінген. Әйелдің арызы бірден ҚР ҚК 120-бабы бойынша тіркелді. Тергеушілер тергеуді бастап кетті.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл отбасының ешқандай есепте тұрмайтын, қарапайым жанұя екенін анықтадық. Отағасы Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істейді екен. Көпбалалы отбасында бес бала тәрбиеленуде. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болып отыр. Біз барлық тергеу әрекетін жан-жақты зерделеп жүргіздік. Іске қатысты әр нәрсені назардан қалдырмауға тырыстық. Оған қоса жәбірленушінің әкесі де кінәсін мойындамады. Әңгімелескен сайын істегенін жоққа шығарып, айтқанынан қайтпады. Қызым барлығын ойынан шығарып отыр деп бізді адастыруға тырысты» дейді полиция полковнигі.

Сондықтан барлық дәлелдерді жинауға тура келді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақыт жұмсалған. Осы уақыт ішінде бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қыздың әкесінің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтар жиналды. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс қозғалды. Әр том 180 беттен тұрды. Осылайша жазда іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен бірге сотқа жіберілді.

 «Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Өз қызын зорлаған қатыгез әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды» деп атап өтті тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.


 

Источник: ҚазАқпарат

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области