Ақылбек Күрішбаев аграрлық ғылымды тежеп тұрған проблемаларды атады
04 Февраля 2021
1158
Социум,
Образование

Алматы. 4 ақпан. Ақпараттар орталығы - Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев аграрлық ғылымды тежеп отырған проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аграрлық ғылымның тиімділігін тежейтін, өз қолымызбен жасап отырған себептердің бірі – аграрлық ғылыми жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімінің шектеулігі. Бізде ғылыми конкурстардың талабы бойынша оған 3-ақ жыл беріледі. Бұлай ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеулердің уақытын шектеуге болмайды. Себебі аталған саладағы зерттеулер бюджеттік жоспарлау мерзіміне емес, ауа-райының ерекшеліктерімен байланысты», - деді Ақылбек Күрішбаев Парламент Сенатының ғылым жөніндегі заң жобасын талқылау кезінде .
Оның айтуынша ешбір елде ауыл шаруашылығындағы жаңа сұрыптар, технологиялар 3 жыл ішінде жасалмайды. Кеңес одағы кезеңінде ғылыми зерттеулерге кем дегенде 5 жыл уақыт берілетін. «Қазір біз өзіміздің ғылыми жобаларымызға шетелдік ғалымдарды тарта алмағандықтан, шетелдік технологиялардың трансфертін қамтамасыз ете алмай отырмыз. Себебі біздің серіктестеріміз 3 жыл мерзімде ауыл шаруашылығында маңызды ғылыми нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін еместігін түсінеді. Демек, аграрлық ғалымдарымызды біз өзіміз тығырыққа тіреп отырмыз. Әрине, осыдан кейін өндірістің сұранысын өтей алмайтын, «шикі» ғылыми жобалар пайда болады», - дейді ол.
Сенатор жалпы, қазақстандық ғылымның қазіргі деңгейін көрсететін төмендегі деректерге назар аударуға шақырды.
«2020 жылғы «Жаһандық инновациялық индекс» рейтингісіне сәйкес, Қазақстан инновациялық қызмет тиімділігі көрсеткіші бойынша тек 77-орынға ие болды. Дамыған елдер туралы айтпағанда, біз Ресей мен Белоруссиядан айтарлықтай артта қалып, Армениядан, Моңғолиядан, Ямайка және Панамадан да төменгі орынға түстік. Ал өзіміздің статистикалық деректерімізге сүйенсек, 2019 жылы біздегі инновациялық өнім көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің небәрі 1,6%-ын құраған, осы көрсеткіш бойынша біз Ресейден 8 есе, дамыған елдерден 20-30 есе артта қалып отырмыз. Неге бұлай? Басты себеп – ғылымды қаржыландырудың жеткіліксіздігі», - деді ол.
Сенатор еліміздің ғылымы саласында «велосипедті» қайта ойлап таппай, әлемде жинақталған тәжірибені қолдана отырып, ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи жүйесін енгізу керек деп есептейді. «Біз Білім және ғылым министрлігі жұмысының қаншалықты күрделі және көп қырлы екенін түсінеміз. Құрметті Асхат Қанатұлы, өзіңіздің басшылығыңызбен білім-ғылым саласында біраз оң нәтижелі жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен қатар, Сізден ғылымның сапалы ғылыми әлеуетін қалыптастыруға қатысты жоғарыда айтылған басым міндеттерге назар аударуыңызды сұраймын», - деп түйді ол.
ru Поручено ускорить работу по возврату неиспользуемых земель в Талгарском районе
ru МВД предупреждает граждан о схемах наркобизнеса с участием дропперов
ru Рисунок восьмилетней карагандинки признали лучшим на Международном фестивале детского творчества
ru Глава государства: «Важно уберечь подрастающее поколение от социальных пороков»
ru Не допускать проявления буллинга, жестокости и агрессии в школе призвал
ru Президент предложил внести поправки в Закон «О статусе педагога» для
ru В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок
ru Преступные группы скотокрадов задержаны в трех регионах страны
ru В Казахстане появилось первое Управление по защите прав детей
ru Определены сроки начала и окончания учебного года
ru Президент принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане
ru Глава государства поздравил Премьер-министра Пакистана Шахбаза Шарифа
ru Под председательством Токаева состоялось заседание Совбеза по вопросам противодействия наркотизму
ru Президент поручил усилить работу по профилактике наркомании
ru Двухэтажное здание сносят в центре Алматы
ru О запуске услуг спутникового интернета Starlink сообщило МЦРИАП
ru Что делать при блокировке банковского счета рассказали в АРРФР
ru Тонна плова и выпечки на продажу: ярмарка продукции из Таджикистана
ru 103 кг марихуаны — улов полиции в области Улытау
ru Сегодня день Каспийского моря
ru В Казахстане в скором времени все председатели ОСИ будут обязаны
ru Полиция обеспечила безопасность на концерте Дженнифер Лопес в Алматы
ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 28,4 тыс.
ru В Алматы обсудили развитие международных автоперевозок
kz Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні
ru Туристов берут под контроль прямо в аэропорту столицы
ru Сотрудники МЧС при пожаре эвакуировали и спасли более 25 человек
ru Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова
ru Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным
ru Токаев принял Уполномоченного по защите прав предпринимателей