«Ақ жол» партиясы коммуналдық саладағы делдал ұйымдарды жоюды ұсынады – Меруерт Қазбекова
16 Сентября 2020
1188
Финансы

Алматы. 16 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - «Ақ жол» фракциясы атынан ҚР Премьер-Министрі атына депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова электр энергиясы нарығындағы жүйелі проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Біздің депутаттық сауалымызға «Ақ жол» партиясы бірнеше мәрте атап көрсеткен электр энергиясы нарығындағы жүйелі проблемалар себеп болып отыр. Бұл проблемалар электр энергиясын өндірушілерде де, энергия таратушы да, энергиямен жабдықтаушы да ұйымдарда бар», - деді Меруерт Қазбекова Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында. Оның айтуынша, электр энергиясын өндірушілерге стансалар үшін электр энергиясына арналған бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген. Шекті баға стансалар тобына байланысты 1 кВт/сағат үшін 2-ден 14 теңгеге дейін ауытқып отырады. Құрамында бірнеше станса, оның ішінде ГРЭС-1 мен ГРЭС-2 кіретін «Самұрық-Энерго» ірі электр өндіруші саналады. Осы компания электр энергиясы және бәсекелестік туралы заңдарды бұза отырып, ГРЭС-1 өндіретін құны 1 кВт/сағаты 5,76 теңге болатын арзан электр энергияны емес ГРЭС-2 өндіретін құны 7,31 теңгелік энергияны кәсіпкерлерге сатып отыр. «Бұған қоса, мемлекеттік компания электр энергиясын тікелей емес жеке делдал энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы сатады. Мәселен, жария орналастырылған ақпараттарға сәйкес, «Қазақстан темір жолы» АҚ жыл сайын тікелей ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-ден емес жеке энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын сатып алады. Ал «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулар туралы ережесі ҚТЖ-ға электр энергиясын конкурссыз-ақ қор тобына кіретін аталған стансалардан тікелей сатып алуға мүмкіндік береді», - деді депутат. Осыған орай «Ақ жол» фракциясы Үкімет атына бірнеше ұсыныс жасады. «Ақ жол» фракциясы осыған орай ашықтық пен бәсекелестік тетіктерін енгізу арқылы энергетика нарығының моделін түбегейлі қайта қарауды; ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға делдалдар арқылы электр энергиясын көтерме сатып алуға тыйым салуды; Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ арқылы ең төменгі көлемді бекітіп, ашық электронды саудада электр энергиясын сату көлемін арттыруды; тұтынушылар үшін электр энергиясына арналған тарифті төмендету мақсатында энергия таратушы ұйымдарды ірілендіру бойынша нақты шараларды әзірлеуді; коммуналдық кәсіпорындарды басқару бойынша барлық делдал мемлекеттік ұйымдарды жоюды ұсынады»,- деді ол.
ru В Алматинской области активно ведётся работа по увеличению лесного фонда
ru СПК «Актобе» выпустил первые социальные облигации
ru Более 308 тыс. раз воспользовались лица с инвалидностью услугами инватакси
ru Глава МИД Казахстана провёл встречу с руководством компании «Harvest Group»
ru В Актобе загорание на полигоне ТБО ликвидировано
ru Глава государства поздравил работников нефтегазовой отрасли
ru Тимур Абилкасымов назначен первым зампредседателя АРРФР
ru В Казахстане за нарушения отозвана 61 лицензия у недропользователей
ru Полиция пресекла канал поставки "синтетики" в Шымкенте
ru МИД прокомментировал фейк о задержании министра иностранных дел РК
ru В Казахстане намолочено 6,5 млн тонн зерна
ru В Казахстане усиливают противодействие отмыванию доходов и финансированию терроризма
ru 33 незаконных строительных объекта снесли с начала года в Алматы
ru В ВКО за полгода выявлено 86 экологических нарушений
ru «Астана Балет» открыл XIII театральный сезон
ru В Алматы организован новый автобусный маршрут
ru Тайская авиакомпания «Thai Air Asia X» запускает рейсы в Казахстан
ru Изменение графика работы столичных организаций: как и кого это коснется
ru Будущее поколение за чистоту города
ru АО «QazaqGaz Aimaq» завершило подготовку к отопительному периоду 2025-2026 гг.
ru Сотрудник спецохраны МВД застрелил коллегу на ГРЭС в Топаре
ru Сотрудники МЧС спасли застрявшую собаку
ru Прокуратурой Кызылординской области пресечены факты незаконной добычи природных ресурсов
ru Президент: «Китай вложил в экономику Казахстана 27 миллиардов долларов»
ru В Казахстане заготовлено 25,8 млн тонн кормов
ru В Алматы сносят очередную незаконную пристройку
ru Транспортные полицейские задержали иностранца по международному розыску
ru МВД жестко регулирует использование электросамокатов в Казахстане
ru 608,8 тыс. тонн мяса произведено в Казахстане за 7 месяцев
ru В Казахстане стартует осенняя призывная кампания: из Астаны призовут более