• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Аңыз болған Алматы ипподромы азып барады

Алматы. 30 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Алматы ипподромы азып барады. Бұл кәсіби ат мамандары – шабандоздар, жаттықтырушылар мен атбегілердің жанайқайы, деп хабарлайды Хабар 24.

Арнамызға хабарласқан олар сәулет ескерткіштері тізіміне енген нысанның жөндеу көрмей, тозып бара жатқанын айтып шағымданды. Ипподром қазір жеке меншіктің қолында. Өткен ғасырдың 30 жылдары салынған ипподромның дәуірлеген шағы кеңес заманында, – дейді көзкөргендер. Тіпті, Ұлы Отан соғысы кезінде де жұмысын тоқтатпай, атты жасақ құру үшін майданға жылқыларды жіберіп тұрған. Әлемдік стандарттарға сай салынған нысанда талай рет дүркіреген ат жарысы өтіп, 100-ден аса рекорд тіркелген. Ал 90-шы жылдары ипподром мемлекеттік қазынадан шеттетіліп, содан бері басынан бағы тайды. Тіпті, 2015 жылы сатылымға қойылып, орнына көп қабатты тұрғын үй салынатын болған. Алайда, атбегілер қарсы шығып, ипподромды сақтап қалыпты. Енді, міне, ат баптауға арналған жалғыз нысан көз алдымызда жойылып барады, – дейді атбегілер.

Талғат Жайсаңбай, Заводтық жылқы тұқымдары бойынша республикалық палатаның жетекшісі: – 2014 жылдан бері аумақта ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Біз айына бір атқа арналған 10 шаршы метрлік орынға 30 000 теңге төлейміз. Бұл баға - қаладағы адам отырып жұмыс істейтін офисті жалға беру бағасымен бірдей. Қорада ештеңе жоқ, тіпті су жүргізілмеген, тек электр жарығы бар, болды. Басында ипподром қожайыны жалға төленетін қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, айнала тазаланады деген. Қазір көрсеңіз, аумақта антисанитария, атты баптауға ешқандай жағдай жасалмаған.

Ержан Ақтасов, атбегі: – Шетелде аттардың барлығы жақсы ипподромда дайындалады. Біздің ипподром оған сәйкес келмейді. Бізге жақсы жарыс жолақтары керек. Бәйге аттар сияқты тырмалай салып, шабатын жолақтар керек емес. Атқа ыңғайлы, жұмсақ болу үшін суға да өзіміз төлеп жатырмыз. 

40 гектарды алып жатқан ипподромда бұрын 500 орындық ат қора, ветеринарлық емхана, аттарға арналған бассейн, шеберхана, атбегілік музей болған, - дейді мамандар. Қазір содан қалғаны ат спорты мектебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ипотерапия пункті, ат жабдығы дүкені ғана. Айтпақшы, олар да ипподром аумағын жалға алушылар. Ал, бір маусымда мұнда жарыстарға арналған 200-ге жуық жылқы үйретіледі. Бір ат үшін айына 30 мың теңге алып отырған ипподром қожайынның табысын есептеу қиын емес. Сөйте тұра, бірегей нысанды күтіп ұстауға құлықсыз.

Юрий Кищенко, Алматы ипподромының атқарушы директоры: – Ипподром біздің меншігімізге өткенде, өте қатты тозып кеткен болатын. Жарыстар мүлде тоқтаған еді. Біз ипподромды қайта ашқанда жалға алушылар ат қораларды өз қаражаттарына жөндеп қалпына келтірді. Бірақ олар мұны өз келісімдерімен жасады. Өздері осы жағдайға дайын болды. Себебі, ат баптаумен тек фанаттар ғана айналысады.

Бұл Алматыдағы жалғыз кәсіби ипподром. Қожайынның емеурінінен түсінгеніміз, жылқыны жаны сүйетін бапкерлердің басқа барар жері жоқ. Сондықтан, олар барға қанағат етсін дегенді меңзеді. Ал ат қораларды, жарыс жолақтарын түсірейік дегенімізде, ипподром басшысы күзетшісін шақырып, бізді кабинетінен «мәдениетті» түрде қуып шықты. 2019 жылы Алматы ипподромы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Бірегей нысанның неліктен лайықты күтім көрмей, жекенің қолында тозып бара жатыр деген сауалымызды қалалық мәдениет басқармасы жауапсыз қалдырды.

Источник: Хабар 24

ru Поручено ускорить работу по возврату неиспользуемых земель в Талгарском районе

ru МВД предупреждает граждан о схемах наркобизнеса с участием дропперов

ru Рисунок восьмилетней карагандинки признали лучшим на Международном фестивале детского творчества

ru Глава государства: «Важно уберечь подрастающее поколение от социальных пороков»

ru Не допускать проявления буллинга, жестокости и агрессии в школе призвал

ru Президент предложил внести поправки в Закон «О статусе педагога» для

ru В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок

ru Преступные группы скотокрадов задержаны в трех регионах страны

ru В Казахстане появилось первое Управление по защите прав детей

ru Определены сроки начала и окончания учебного года

ru Президент принял представителя Уполномоченного по правам человека по городу Астане

ru Глава государства поздравил Премьер-министра Пакистана Шахбаза Шарифа

ru Под председательством Токаева состоялось заседание Совбеза по вопросам противодействия наркотизму

ru Президент поручил усилить работу по профилактике наркомании

ru Двухэтажное здание сносят в центре Алматы

ru О запуске услуг спутникового интернета Starlink сообщило МЦРИАП

ru Что делать при блокировке банковского счета рассказали в АРРФР

ru Тонна плова и выпечки на продажу: ярмарка продукции из Таджикистана

ru 103 кг марихуаны — улов полиции в области Улытау

ru Сегодня день Каспийского моря

ru В Казахстане в скором времени все председатели ОСИ будут обязаны

ru Полиция обеспечила безопасность на концерте Дженнифер Лопес в Алматы

ru С начала года госинспекторами труда защищены права более 28,4 тыс.

ru В Алматы обсудили развитие международных автоперевозок

kz Қонаевтағы жаңа орталықтағы өмірдің алғашқы 20 күні

ru Туристов берут под контроль прямо в аэропорту столицы

ru Сотрудники МЧС при пожаре эвакуировали и спасли более 25 человек

ru Глава государства принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Токаев провел телефонный разговор с Президентом России Владимиром Путиным

ru Токаев принял Уполномоченного по защите прав предпринимателей