• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматыда сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат етілді

Фото:Хабар 24

Алматы. 10 маусым - Ақпараттар орталығы - Мегаполистің «қызыл аймақта» болуына байланысты соңғы жарты жылда істі болғандар жақындарымен жүздесуден қалған еді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жуырда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығып, жазасын өтеушілер ұзақ мерзімді кездесуге мүмкіндік алды. ЛА 155/18 мекемесінде 52 азамат жазасын өтеуде. Олардың арасындағы сантехник, электрик, дәнекерлеуші, аспаздың көмекшілері түзеу мекемесінің шаруашылық жұмыстарына тартылған. Мұндағылар заң бойынша жылына үш рет туыстарымен кездесе алады. Алайда, індеттің қарқын алуына байланысты соңғы алты айда оған тыйым салынған болатын. Енді міне, кездесу қайта жанданды.  

Жазасын өтеуші: – Мен осы мекемеде жазамды өтеп жатқаныма 6 ай болды. Бүгін туысқандарыммен кездесуге мүмкіндік алып жатырмын. Карантин уақытында кездесуге тыйым салуына байланысты видео арқылы телефон шалып, отбасымызбен сұхбаттасуға мүмкіндік берілген.

Жазасын өтеушілер коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған. Талаптарға сәйкес, кездесуге келген туыстарында мерзімі 5 күннен кем емес теріс ПТР анықтамасы болуы тиіс. Ал вакцина алған жақындары тест анықтамасынсыз кездесуге келе алады.  

Әсет Жұмадиев, ЛА 155/18 мекемесінің басшысы: –Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабына сәйкес, мекемеде сотталғандар шаруашылық жұмыстарға тартылады. Ұзақ мерзімді кездесуге тек осы жазасын өтеушілер ие бола алады. Кездесу үшін мекемеде 6 орын жасақталған. Оларға екі тәулік бірге болуға рұқсат етіледі. Туыстарының шешімімен бір тәулікке де қалуға болады. Жалпы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес кездесу екі тәуліктен аспауы тиіс.

Кездесуге рұқсатты мекеме басшысы береді. ЛА 155/18 мекемесінде орташа және жеңіл қылмысқа барған азаматтар жазасын өтеуде. Олар мекеменің айналасын абаттандырып, тазалық жұмыстарына да үлес қосады.

Источник: Хабар 24

ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных

ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров

ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК

ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за

ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала

ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж

ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности

ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия

ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов

ru Касым-Жомарт Токаев: «В новом однопалатном Парламенте не будет президентской квоты»

ru Более 208 тыс. казахстанцев получают специальное государственное пособие

ru В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка

ru Иностранные туристы все чаще выбирают Алматинскую область для отдыха

ru Рекордный год для Алматинской области в сфере туризма

ru АПК Алматинской области наращивает экспортный потенциал

ru Алматинская область: климат - инвестиционно-привлекательный

ru Почти 227 тыс. тонн казахстанской чечевицы экспортировано в Турцию

ru МВД: Пресечены каналы хищения и контрабанды нефтепродуктов

ru В Алматы сносят крупный незаконный объект

ru Полиция усиливает меры против насилия в семье и обществе в

ru СКО подписала меморандумы о сотрудничестве с крупными китайскими компаниями

ru Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ

ru В Алматы зафиксируют цены на мясо кур и сахар

ru Минтруда планирует установить региональную квоту приема кандасов и переселенцев на

ru Новый морской порт за $300 млн планируют построить в Актау

ru Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе

ru Глава государства наградил Президента Туркменистана орденом «Алтын Қыран»

ru Президенты Казахстана и Туркменистана провели переговоры