Алматыда ғаламтор арқылы есірткі сатқан ҰҚТ қызметінің жолы кесілді
02 Февраля 2016
1678
Алматы,
Есірткі,
Ғаламтор
Алматы. 2 ақпан. Ақпараттар орталығы. Алматы полициясы синтетикалық есірткі сату алаңына қызмет еткен екі ғаламтор сайтының қылмыстық қызметінің жолын кесті, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, Алматы тұрғыны Шустов пен Қарағанды облысының тұрғыны азаматша Геондова ғаламтор ресурстары арқылы Ресейден Алматыға психотропты заттар мен МДМА синтетикалық есірткісін, экстаз бен кокаин жеткізіп отырған.
«Жедел және тергеу жолдары арқылы олардың ғаламтор арқылы есірткі тарату, жарнама беру, тапсырысты өңдеу және тауарды жеткізуге қатысты есірткі қылмысының топтамаларына қатысы бары дәлелденді», — деді Алматы қаласы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Азамат Садыров.
Оның айтуынша, фигуранттар әлеуетті сатып алушылар үшін «белгі» қойып, төлемнің қолма-қолсыз түрін пайдаланған. Күдікті Иркутск облысынан келген Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын басқа қылмыстық эпизодттарда тауар иесіне пошталық хабарлама арқылы келген.
«Міне есірткіні жеткізудің осы арнасын біз анықтап, тоқтаттық. Аталмыш кезеңде өңірге синтетикалық есірткіні жеткізу каналын анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді полиция қызметкері.
Ол жоғарыда аталған азаматтардың жасаған қылмыстары үшін сотталғанын атап өтті. Азаматша Геондова 10 жылға, азамат Шустов 7 жылға, ал азамат Бурлаков 3 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сонымен қатар ЕКБ-де атап өткендей, қабылдаған шаралар нәтижесінде қаладағы есірткі жағдайы тұрақты. Есірткі бизнесімен күрес мәселесі бұрынғыша өзекті және осы бағыттағы жұмыстар Алматы полицейлері қызметінің басымдығының бірі болып табылады.
Өткен жылы Алматы бойынша 2,5 есе көп есірткі қылмысы анықталған. Заңсыз айналымнан 480 кг есірткі заты тәркіленген. Өткен жылы тәркіленген есріткі салмағы 223 кг. астам болған.
«Есірткі заттарын сатумен айналысатын тұлғаларға қатысты пәрменді шаралардың көрнекті мысалдарының бірі — соған жауап ретінде Молдажарова Е.Д. бастаған қылмыстық топты әшкереу. Еске салсақ, есірткі сату жолымен аталмыш ҰҚТ мүшелері тапқан ақша қаражатын жария ету фактісі бойынша жекелеген сотқа дейінгі өндіріс қозғалған еді», — деді А. Садыров.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru В Казахстане отмечено улучшение ключевых показателей здоровья населения
ru В Темиртау обновляют городские электросети
ru Реклама без ошибок: в Караганде подвели итоги социального проекта
ru Около трех тысяч дорожных рабочих вышли на уборку снега в
ru Столичные спасатели напомнили горожанам правила безопасного поведения на льду
ru На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге
ru Профилактическое мероприятие “Ель” по охране хвойных деревьев стартовало в Алматы
ru Более 681 млрд тенге выплачено казахстанцам в виде пособий и
ru В Алматы обозначены приоритеты развития социальной сферы
ru Самая крупная грибная ферма открыта в регионе
ru Самый крупный в стране цех по производству сгущенного молока открыт
ru Штормовое предупреждение по Казахстану на сегодня
ru Авиационная отрасль демонстрирует устойчивый рост
ru Gemini стал доступен на казахском языке
ru В Жетісу расследуют хищение 212 млн тенге при капитальном ремонте
ru МЧС подготовил чек-лист пожарной безопасности при установке новогодних ёлок
ru Президент осмотрел Ситуационный центр Токио по чрезвычайным ситуациям
ru Глава государства провел встречу с губернатором Токио Юрико Коикэ
ru Более 1 300 единиц спецтехники задействованы в снегоуборке в Астане
ru Жаслан Мадиев провел встречу с руководством Mitsubishi Corporation в Токио
ru Спецподразделение «Бүркіт» Национальной гвардии осваивает FPV-дроны
ru В Астане открылся высокотехнологичный Эндоскопический центр
ru Мошенники меняют тактику: жертвы сами выходят на контакт
ru Глава государства провел встречу с Императором Японии Нарухито
ru К завершающему этапу близится строительство двух новых водохранилищ в Туркестанской
ru 749 млрд тенге выплачено в 2025 году казахстанцам в виде
ru В Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог
ru Свыше 1 400 единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в
ru Минздрав внедряет новую электронную систему управления ресурсами
ru Казахстанские вузы расширяют сотрудничество с ведущими университетами Китая

+77772555856
Написать нам




