• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматы шөлге айналып барады

Фото:Хабар 24

Алматы. 23 шілде. Ақпараттар орталығы - Алматыда жасыл желек қурап жатыр. Мегаполисте 89 автоматты суару жүйесі орнатылған. Бірақ олардың үштен бірі істен шыққан, деп хабарлайды Хабар 24.

Нәтижесінде көгалдар күнге күйіп, ағаштар қурап, гүлдер солып жатыр. Алматыдағы Ұлттық кітапхана жанындағы автоматты суару жүйесі 2019 жылы ғана орнатылған. Небәрі екі жылдан кейін сорғылар істен шыққан. Маусым айында жасыл желекті арнайы көліктің көмегімен суаруға тура келген. Айта кету керек, бұл көліктердің әрқайсысының бір рет жолға шығып, жасыл желекті суарып келуіне қала қазынасынан 6000 теңге жұмсалады. Дегенмен Бостандық ауданының әкімдігі кітапхана орналасқан аумақтағы барлық жиырма суару жүйесі жұмыс істеп тұр деп сендірді. Алайда мұнда жайқалып тұрған жасыл өскін байқалмайды.

Азамат Кемелбеков, Бостандық ауданы абаттандыру бөлімінің бас маманы:

 – Абай даңғылы бойынша бізде қиындықтар болды, су жоқ кезде көлікпен суардық. Су жоқ, себебі, Есентай өзенінің аңғарын тазалау жұмысы жүргендіктен, ол жерде су болмады. «Қаланың көрінісі көмескіленіп кетті» дейді, шағым айтқан тұрғындар. Жасыл желек солғын тартып, айналаны шаң басты. Әлі тамыры тереңдеп үлгермеген жас шыбықтардың қурап жатқанына жанымыз ауырады, – дейді олар.

– Мынадай аптап ыстықта көгалдарды, ағаштарды міндетті түрде суару керек. Суару жүйесі жасалған, ал су жоқ, бұл қалай?

– Қаладағы жағдайды реттеу әкімдіктің қызметтік міндеті. Алматыда 89 автоматты суару жүйесі орнатылған. Олардың 64-і штаттық режимде жұмыс істейді, ал 25-і жөндеуді қажет етеді. Тек Медеу ауданында суару жүйесін жөндеуге жылына 58 миллион теңге бөлінеді екен. Билік өкілдерінің айтуынша, көбіне сорғы істен шығады, кейде шашыратқыш ұрланады. Жасыл желектің қурауының басты себебі – су жоқ.

Олжас Жаныспаев, қалалық ЖЭБ Жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы:

– Автоматты суарудың суды алу жүйесі әртүрлі. Кей жерлерде су арналарынан, кейде техникалық суда алады, ал басқа жерлерде арық пен өзендердің суына қосылған. Негізінен су жетіспеушілігі төменгі аудандарда қатты байқалады. Биыл «Достық» саябағының төрт жарым гектар жеріне автоматты суару жүйесі орнатылды. Бұл үшін бюджеттен 35 миллион теңге бөлінген. Жаңа жүйенің қуаты қанша уақытқа жететіні белгісіз. Себебі, істен шыққан су шашыратқылардың жалпы құны миллиардқа жетіп жығылады.

Источник: Хабар 24

ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции

ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете

ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в

ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000

ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в

ru Погодные условия на республиканских автодорогах

ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие

ru В Сарани готовят к запуску новые заводы

ru Глава государства подписал новый Закон о банках

ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»

ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья

ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР

ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для

ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры

ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных

ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг

ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

ru 240 млрд тенге будет выделено на геологоразведку

ru 570 тыс. казахстанцев прошли обучение на платформе Skills Enbek в

ru Гвардейцы задержали мужчину с холодным оружием в городе Конаев

ru До 30 тыс. туристов в день: Алматинский горный кластер усилит

ru В 2025 году в Казахстане построено 162 школы

ru Учащиеся 0-9 классов будут учиться в онлайн-формате в Астане

ru Стратегия увеличения посевов высокомаржинальных культур продолжится в 2026 году в

ru Пьяного мужчину со стартовым пистолетом задержали в ЗКО

ru С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены

ru В области Абай продолжится системная работа по улучшению качества дорог

ru Более 276 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС в 2025

ru Лимоны будут выращивать в Алматинской области