• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Алматы облысында халықаралық Іле-Балқаш регатасы басталды

Алматы. 4 мамыр. Ақпараттар орталығы. Іле өзенінің жағасындағы Таңбалы Тас шатқалында он алтыншы рет өткізілетін дәстүрлі Іле-Балқаш регатасы басталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
 

Хабарланғандай, бұл ауқымды шараның ұйымдастырушысы – Алматы облысы әкімдігі. Бағдарламада Іленің бойымен бір ай бойы суда жүзуден жарысумен қатар, «Таңбалы-Тас» фестивалі, судағы спорттық-туристік көпсайыс, табиғи рельефте жартасқа өрмелеу облыстық жарыстары өтеді. Рафтинг, қайық, катамаран кубоктық жарыстары, экологиялық акциялар ұйымдастырылады.

 


«Дәстүрлі экологиялық-туристік-спорттық жобалардың басты мақсаты – Балқаш көліндегі бассейнде су туризмін дамыту, Жетісу су қоймасынындағы судың таяздануымен күресу, сонымен қатар спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау», - делінген хабарламада.
 

Іле-Балқаш регатасының салтанатты ашылу рәсіміне Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Кикимов, облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева және регата бастығы Владимир Покусов қатысты. Шара экологиялық флешмобпен және ашық аспан астындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Регатаның екі күнге жоспарланған алғашқы кезеңі жарыстардың көптеп ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Атап айтқанда, спринт және жаппай жүзу, табиғи рельефте жартасқа өрмелеу, судағы тәртіп және құтқару жұмыстары бойынша жарыстар, сол сияқты рафтинг, қайық, катамаран кубоктық жарыстары өткізілді.

 



Сонымен қатар, жиналғандарға қалауы бойынша футбол, волейбол, қазақтың ұлттық спорттық ойындарына қатысуға мүмкіндік жасалды.

XVI Іле-Балқаш халықаралық регатасының 2 мамырда басталған II кезеңінде аквараллиге 29 тәжірибелі экипаждар шықты. Олардың қатарында Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ескелді, Балқаш, Көксу, Қаратал аудандарының экстремалдары бар. Акваралли 29 мамырда аяқталады.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский

ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств

ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok

ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск

ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати

ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля

ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения

ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину

ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота

ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции

ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании

ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем

ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов

ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной

ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре

ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

ru Сменился пресс-секретарь президента

ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025

ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей

ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”

ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову

ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру

ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом

ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций

ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов

ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий

ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля