Halyk Bank Euromoney халықаралық беделді басылымынан марапат алды
04 Августа 2020
1763
Экономика,
Финансы
HalykBank,
Euromoney
Алматы. 4 тамыз. Ақпараттар орталығы - Halyk Bank Euromoney халықаралық қаржы басылымының
«Excellence in leadership in CEE 2020» («Орталық және Шығыс Еуропа аймағында
Үздік көшбасшылық 2020») номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды, ҚазТАГ
хабарлайды.
«Биыл Euromoney (Excellence in Leadership) жаңа «Үздік көшбасшылық» санаты
бойынша таңдалған банктердің тобына ғана марапаттар беруде. Біздің редакциялық
ұжымымызға әлем бойынша көптеген банктерінің Ковид-19 дағдарысына жылдам әрекет
етуі ерекше әсер қалдырды, соның айғағы ретінде Excellence in Leadership марапатын
айтуға болады», - дейді Euromoney журналының Орталық және Шығыс Еуропа
редакторы Люси Фитцджордж-Паркер (Lucy Fitzgeorge-Parker).
Halyk Bank, Euromoney басылымымен «Үздік жетістіктер үшін награда» байқауының
аясында «Excellence in leadership in CEE 2020» («Орталық және Шығыс Еуропа
аймағында Үздік көшбасшылық 2020») номинациясында жеңімпаз деп танылды.
«Қазіргі кезде әлемде банктік бизнесті жүргізудің қиындықтарына әрі бұрын-соңды
болмаған қиын кезеңдерге қарамастан Halyk Bank Қазақстан азаматтарына мемлекеттік
жәрдемақыларды беруде шешуші рөл атқарды. Банк 300 000-нан астам клиенттерге
жаңа шот ашты, ал 500 000-нан астам клиенттер банктің цифрлық қызметтерін алғаш
рет қолдана бастады. Банктің IT-мамандары жаңа қызметтерді құру және сынақтан
өткізу үшін тәулік бойы жұмыс жасады. Halyk Bank карантиннің алғашқы
апталарында банктің барлық арналарында - SMS, веб-сайт, Facebook, Instagram
және т.б. цифрлы банкингтің қалай жұмыс істейтінін көрсететін бейне оқулықтарды
шығару арқылы халыққа түсіндіруде айтарлықтай еңбек етті. Мамыр айының
ортасында төлемдер мен клиенттерге қызмет көрсету қызметі шамамен 80%-ы
қашықтық арналары арқылы жүзеге асырылды - бұл өте қысқа мерзімде жүзеге
асырылған үлкен жетістік және банктің айтарлықтай технологиялық
мүмкіндіктерінің дәлелі екенін атап кету орынды. Осылайша, Halyk Bank өзін
үздік қаржылық қызметтерді ұсынатын және серіктестер мен клиенттердің сеніміне
лайықты мықты қаржы институты екенін айқындады», - деді Фитцджордж-Паркер.
«COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты әлемдік
экономиканың бастан өткеріп жатқан дағдарыс кезінде халықаралық сарапшылар
қоғамдастығының Halyk Bank-ті мойындауы және бағалауы қаржы институтының
нарықтағы мықты жайғасымын растайды, бұл өте маңызды. Қазіргі сын-тегеуріндерді
ескере отырып, Halyk Bank технологиялық прогресті, цифрландыруды жеделдетуге,
жылдам әрі ыңғайлы онлайн-сервистерді дамытуға бағытталған орта мерзімді даму
стратегиясын жүзеге асыруды жалғастыруда», - деді Halyk Bank басқармасының
төрайымы Үміт Шаяхметова.
Сыйлықты беру шешімі беделді қаржы талдаушыларының Euromoney басылымының жыл
сайын шілде айында өткізілетін дәстүрлі «Үздік жетістіктер үшін наградалар»
(Awards for Excellence) байқауының және нарық қатысушыларынан алынған
егжей-тегжейлі есептерді терең талдау негізінде, сондай-ақ аймақтағы банк
секторы мен қарыз капиталы нарығын жыл сайынғы зерттеулер негізінде қалыптасты.
Сонымен бірге басылым жоғары бейтараптық, әділеттілік стандарттарына ерекше
назар аударады. Euromoney сарапшылары және редакторлар тобы сыйлыққа үміткер әр
банктің қызметін мұқият зерттейді, шетелдік корреспондент-банктердің
сауалнамалары мен белгілі қаржыгерлер мен банкирлердің пікірлері негізінде
маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Сараптамалық қорытынды келесі критерийлерді
талдау негізінде қабылданады - банктің нарықтағы жайғасымы, нарықтағы үлесі,
көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сапасы, жаңа банктік өнімдер, қаржы
институтын басқару жүйесі мен сапасы, қызметкерлердің кәсібилігі, банктің
инновациялық сипаты, бухгалтерлік баланс көрсеткіштері және банк қызметі, оның
ішінде соңғы 12 айдағы мәмілелер мен жаңа шығарылымдар.
Euromoney Institutional Investor PLC – іскері және қаржылық ақпарат саласындағы
ең ірі еуропалық компаниялардың бірі. 1969 жылы компанияның негізін қалаған ай
сайынғы «Евромани» журналы медиахолдингтің жетекші басылымы болып қала береді.
Бүгінгі таңда «Евромани» тобына қаржылық, инвестициялық және банктік тақырыптар
бойынша мамандандырылған 100-ден астам компания кіреді, оның ішінде: Global
Capital басылымдары, Ғаламдық нарықтар (ХӘҚ / Дүниежүзілік банк, Еуропалық
қайта құру банкі, Азия Даму Банкі, Америкааралық Даму Банкі және Азиялық
Инфрақұрылымдық Инвестициялық Банк сияқты әлемдік даму банктерінің Жыл сайынғы
кездесулерінің ресми жарияланымы), Institutional Investor, Metal Bulletin,
AsiaMoney (Гонконг), American Metal Market, Insurance Insider, International
Equity Review, Project & Trade Finance, International Financial Law Review,
Ned Davis Research, AsiaLaw және басқалары. Компанияның акциялары Лондон қор биржасында
(FTSE 250) листингтен өтті.
Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов
ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову
ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру
ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом
ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций
ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов
ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий

+77772555856
Написать нам




