• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

2025 жылға дейін АӨК-ке 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген

Алматы. 1 наурыз. Ақпараттар орталығы  - ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды, деп хабарлайды Хабар 24.

АӨК дамытудың жаңа тәсілдері туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өңірлерде ауыл шаруашылығын дамыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндады. «АӨК дамыту, оның ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру – Үкіметтің стратегиялық міндеті. БҰҰ жанындағы Азық-түлік ұйымының болжамы бойынша, еліміздің әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналуға нақты мүмкіндігі бар», – деді А.Мамин.

Премьер-министр «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер мен қант) өндіру және қайта өңдеу, субсидиялау жүйесін реформалау, ауылда кооперацияны ынталандыру, сондай-ақ ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтер мен аграрлық ғылымды одан әрі дамыту бойынша 7 ірі экожүйені құру жөнінде міндеттер қойылғанын атап өтті. Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай АӨК-те еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру және өнім экспортын екі есе ұлғайту жоспарланып отыр, оның 70%-і қайта өңделуі тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,3 есеге артады. Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықты негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен 100% толықтыру қамтамасыз етіледі.

«Әкімдер азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бақылауды күшейтіп, өңірлерде тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауы, азық-түлікті форвардтық сатып алу тетіктерін неғұрлым кеңінен пайдалануға назар аударуы қажет. Мәселен, мұндай жұмыстар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында жақсы жолға қойылған. Бұл өңірлерде бағалардың ең төменгі өсуі байқалады. Біздің негізгі мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуеті өте жоғары», – деді А.Мамин.

Алға қойылған ауқымды міндеттерді іске асыру үшін кезең-кезеңімен жалпы сомасы 4 трлн теңгеден асатын 400-ге жуық инвестициялық жобаны (жыл сайын 70-80 жоба) іске асыру жоспарланып отыр, бұл АӨК салаларындағы еңбек өнімділігін арттыруға және ауылда 500 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп аграрлық ғылым мен білімді дамыту бағдарламасын әзірлеу, аграрлық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін білім беру жүйесімен қамту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Источник: Хабар 24

ru В Исламабаде обсудили итоги 8-го Съезда лидеров мировых и традиционных

ru МВД усилило контроль за законным оборотом прекурсоров

ru АФМ в Астане расследует хищения при продаже недвижимости в ЖК

ru В Павлодаре 19 должностных лиц привлечены к административной ответственности за

ru Увеличится количество мест отдыха в Кызылординской области

ru Более 246 тыс. человек получили госуслуги благодаря ЦКС с начала

ru Профилактика бытового насилия: в Астане прошел особенный челлендж

ru ИИ могут начать применять при определении степени инвалидности

ru Казахстанские ученые стали авторами мирового научного открытия

ru ВАП завершила аудит АО «Самрук-Қазына»

ru Денежные переводы в сфере наркооборота: МВД выявило 10 дропперов

ru Касым-Жомарт Токаев: «В новом однопалатном Парламенте не будет президентской квоты»

ru Более 208 тыс. казахстанцев получают специальное государственное пособие

ru В Алматы готовят масштабную реконструкцию зоопарка

ru Иностранные туристы все чаще выбирают Алматинскую область для отдыха

ru Рекордный год для Алматинской области в сфере туризма

ru АПК Алматинской области наращивает экспортный потенциал

ru Алматинская область: климат - инвестиционно-привлекательный

ru Почти 227 тыс. тонн казахстанской чечевицы экспортировано в Турцию

ru МВД: Пресечены каналы хищения и контрабанды нефтепродуктов

ru В Алматы сносят крупный незаконный объект

ru Полиция усиливает меры против насилия в семье и обществе в

ru СКО подписала меморандумы о сотрудничестве с крупными китайскими компаниями

ru Столичный врач обратился к родителям в связи с периодом ОРВИ

ru В Алматы зафиксируют цены на мясо кур и сахар

ru Минтруда планирует установить региональную квоту приема кандасов и переселенцев на

ru Новый морской порт за $300 млн планируют построить в Актау

ru Генеральная прокуратура предупредила владельцев iPhone об угрозе

ru Глава государства наградил Президента Туркменистана орденом «Алтын Қыран»

ru Президенты Казахстана и Туркменистана провели переговоры