2021 жылы 300 млрд теңге Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға бағытталады
25 Мая 2021
1638
Социум,
Финансы
Алматы. 25 мамыр. Ақпараттар орталығы - ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Хабар 24.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов,
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Алматы облысының әкімі
Амандық Баталов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Шымкент
қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндама жасады. «Жұмыспен қамтудың жол картасын
іске асыру жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту
бойынша өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасының 2021 жылға
арналған бағдарламасын кеңейтуді қоса алғанда, кешенді шаралар қабылданды», –
деді А.Мамин. Премьер-министр биыл ЖҚЖК орындау аясында инфрақұрылымдық
жобаларды іске асыру, кәсіпкерлік пен аграрлық секторды дамыту арқылы тұрақты
жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылатынын атап өтті. Өңірлерде жолдарды,
медициналық және білім беру ұйымдарын салуға және жөндеуге бағытталған 127,5
млрд теңгеге инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады. «Атамекен» ҰКП мен
әкімдіктердің қатысуымен микроқаржы ұйымдары арқылы 22,5 млрд теңге сомасына
бизнес-жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. Өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуға 50
млрд теңге бағытталады. Агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын
қаржыландыруға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы 100 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.
«Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға биыл 300 млрд теңге бөлінді,
35,6 мың жұмыс орны, оның ішінде 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады»,
– деді А.Мамин. Үкімет басшысы Жұмыспен қамту жол картасының барлық бағыттарын
сапалы әрі уақытылы іске асыруды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды
қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі
мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыру
жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау критерийлерін әзірлеу тапсырылды.
«Тұрақты жұмыс орындарын құруды ерекше бақылауда ұстау керек», – деп атап өтті
А.Мамин.
ru Более 1 300 единиц спецтехники задействованы в снегоуборке в Астане
ru Жаслан Мадиев провел встречу с руководством Mitsubishi Corporation в Токио
ru Спецподразделение «Бүркіт» Национальной гвардии осваивает FPV-дроны
ru В Астане открылся высокотехнологичный Эндоскопический центр
ru Мошенники меняют тактику: жертвы сами выходят на контакт
ru Глава государства провел встречу с Императором Японии Нарухито
ru К завершающему этапу близится строительство двух новых водохранилищ в Туркестанской
ru 749 млрд тенге выплачено в 2025 году казахстанцам в виде
ru В Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог
ru Свыше 1 400 единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в
ru Минздрав внедряет новую электронную систему управления ресурсами
ru Казахстанские вузы расширяют сотрудничество с ведущими университетами Китая
ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане
ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП
ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности
ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц
ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде
ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау
ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли
ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов
ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция
ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии
ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%
ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей
ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК
ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок
ru Спасатели обратились к астанчанам
ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

+77772555856
Написать нам




