• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

2015 жылы Қазақстанның төлем балансының тапшылығы $5,3 млрд құрады

Алматы. 10 ақпан. Ақпараттар орталығы. Ағымдағы операциялар шотының тапшылығы алдын ала бағалау бойынша 2014 жылғы 6,0 млрд. АҚШ доллары болған профицитпен салыстырғанда 2015 жылы 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады және тауарлардың таза экспорты көрсеткішінің күрт қысқаруымен байланысты болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, сауда балансының оң сальдосы Ұлттық Банктің бағалауынша 2014 жылғы 36,7 млрд. АҚШ салыстырғанда 65,6%-ға төмендеп, 12,6 млрд. АҚШ долларын құрады.
Төлем балансының жіктеуіші бойынша тауарлар экспорты 2015 жылы 2014 жылғы 80,3 млрд. АҚШ долл. салыстырғанда 42,4%-ға төмендей отырып, 46,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
«Мұнайдың әлемдік бағасы экспорттың қысқаруының негізгі факторы болды – орташа алғанда 2015 жылы brent сұрыпты мұнай бағасы бір баррель үшін 52,4 долл. АҚШ долларын (2014 жылы орташа алғанда бір баррель үшін 98,9 АҚШ доллары) құрады. Мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 26,8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2 есе қысқарды. Қалған тауарлар бойынша экспорт 27%-ға қысқарды», — делінген хабарда.
Тауарлар импорты 22,9%-ға қысқара отырып, 33,6 млрд. АҚШ доллары болды. Ал 2014 жылы 43,6 млрд. АҚШ долларын құраған еді. Өнімдердің барлық түрлері бойынша тауарларды әкелу төмендеді.
Бұл ретте Резиденттердің тауарлар экспортынан кірістерінің төмендеуі нәтижесінде бейрезиденттердің Қазақстанға тікелей инвестициялардан таза кірістері 2014 жылғы 19,6 млрд. АҚШ долларынан 2015 жылы 8,1 млрд. АҚШ долларына дейін айтарлықтай төмендеді. Резиденттердің іскерлік және инвестициялық белсенділігінің төмендеуі халықаралық қызметтер балансы тапшылығының 2014 жылғы 15,6%-дан 5,4 млрд. АҚШ долларына дейін қысқаруына әкеп соқты.
Алдын ала бағалау бойынша қаржылық шот бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2015 жылы 11,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал 2014 жылы 6,8 млрд. АҚШ доллары болған еді.
Қазақстан резиденттерінің тікелей инвестициялары түріндегі сыртқы активтер 2015 жылы 1,7 млрд. АҚШ долларына, ал қазақстандық кәсіпорындардың үлестес бейрезиденттер алдындағы міндеттемелері 6,0 млрд. АҚШ долларына өсті. Соның нәтижесінде тікелей инвестициялардың балансы бойынша капитал ағыны 4,3 млрд. АҚШ долл. 2014 жылы 4,7 млрд. АҚШ долл. құрады.
Сонымен қатар, портфельдік инвестициялар балансы бойынша 5,9 млрд. АҚШ доллары болатын капиталдың таза әкелінуі Ұлттық қордың шетелдік активтерінің қысқаруы және ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын шығару есебінен қалыптасты. Ал таза әкету 2014 жылы 1,0 млрд. АҚШ долларынан асқан.
Ағымдағы операциялар шотының қалыптасқан тапшылығы төлем балансы қаржылық шотының операциялары, сондай-ақ 2015 жылғы екінші және үшінші тоқсандарда Ұлттық Банктің резервтік активтерін пайдалану есебінен қаржыландырылған болатын.
Тұтастай алғанда Ұлттық Банк резервтік активтерінің төлем балансы операцияларының есебінен бір жылдағы қысқаруы шамамен 0,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский

ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств

ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok

ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск

ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати

ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля

ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения

ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину

ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота

ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции

ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании

ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем

ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов

ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной

ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре

ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы

ru Сменился пресс-секретарь президента

ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025

ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе

ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей

ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”

ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

ru Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителя Татьяну Белоусову

ru Министерство финансов РК переходит на новую цифровую архитектуру

ru В Карагандинской области появился новый птичник с искусственным интеллектом

ru Минздрав возобновляет плановые проверки медицинских организаций

ru Атырауские школьники разработали цифровую платформу для детских садов

ru В регионах Казахстана проводится комплекс противопаводковых мероприятий

ru Токаев направил телеграмму Президенту Израиля