Қаржы пирамидасынан қалай сақтану керек – министрлік
12 Октября 2020
993
Социум,
Криминал
Фото:ҚазАқпарат
Алматы. 12 қазан. Ақпараттар орталығы - Биыл елімізде қаржы пирамидасын құруға қатысты 35 факті тіркелді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, БҚО-да зардап шеккендердің 612 млн теңгеден астам қаражатын қаржы пирамидасы жинаған. Заңсыз қызметті ұйымдастырған «R.O.I. Club» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеліп жатыр. Бес облыста құны 15 мың теңге немесе одан қымбат «сертификатты» сату арқылы халықтан ақша жинау схемасын жасап, іске асырған «B2B Jewelry» зергерлік бұйымдар дүкендерінің басшыларына қатысты іс бойынша Алматыда тергеу жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам зардап шеккен адам анықталған. 250 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Комитет мамандары қаржылық пирамиданы қалай анықтауға болатынын айтып, ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқаруға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Айта кету керек, қаржы пирамидасына қосылу ерікті түрде және заңды қолдаусыз жүзеге асады. Бұл дегеніміз, ешкім инвестицияның қайтарылуына кепілдік бермейді.
Сонымен, Қаржы пирамидасының белгілері қандай? Адам сенгісіз пайда, үстеме табыс уәде етіледі. Жоғары табыс келетіні жөнінде уәде тек бір рет ұйымға тарту кезінде орындалуы мүмкін, бірақ ары қарай одан да көп қаражаттан айырылып қалу қаупі өте жоғары. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамида өзін тауар, несие, туристтік, құрылыс компаниясы ретінде өзін таныстырады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшының барлық төлемі жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісім жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасына көздеп жасалған әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес келмейді. Компанияның қызметі тым жан-жақты, сол арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады. Әлеуметтік желідегі белсенді әрі мезі қылатын жарнамасы болады. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» заңға сәйкес емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желі мен мессенджерде кеңінен таралады.
Қаржы регуляторы лицензиясының болмауы. Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет, және ол екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс жасап, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Бірақ қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары лицензияны қажет етпейтіндігін мәлімдейді.
«Егер сізде қаржы пирамидасының қызметіне қатысты болуыңыз жайлы күмәніңіз болса, Комитетке келесі сенім телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920», делінген хабарламада.
ru Более 1 300 единиц спецтехники задействованы в снегоуборке в Астане
ru Жаслан Мадиев провел встречу с руководством Mitsubishi Corporation в Токио
ru Спецподразделение «Бүркіт» Национальной гвардии осваивает FPV-дроны
ru В Астане открылся высокотехнологичный Эндоскопический центр
ru Мошенники меняют тактику: жертвы сами выходят на контакт
ru Глава государства провел встречу с Императором Японии Нарухито
ru К завершающему этапу близится строительство двух новых водохранилищ в Туркестанской
ru 749 млрд тенге выплачено в 2025 году казахстанцам в виде
ru В Алматинской области за 9 месяцев отремонтировано 154 км дорог
ru Свыше 1 400 единиц спецтехники задействованы в снегоуборочных работах в
ru Минздрав внедряет новую электронную систему управления ресурсами
ru Казахстанские вузы расширяют сотрудничество с ведущими университетами Китая
ru Сеть школьных залов по дзюдо открывается в Казахстане
ru Айбек Смадияров назначен зав.отделом внутренней политики АП
ru В Женеве эксперты обсудили вопросы биологической безопасности
ru Более 331 тыс. человек получили выплаты из ГФСС в связи
ru Более 3 000 дорожных рабочих и около 1 500 единиц
ru ДЧС Алматы предупредил о тумане и гололеде
ru Джеки Чан снимает новый блокбастер в Мангистау
ru В Астане обнаружили скрытые точки наркоторговли
ru В области Жетісу построят завод по утилизации и переработке отходов
ru Порядка 296 тыс. человек охвачены активными мерами содействия занятости с
ru В Костанайской области запущена новая солнечная электростанция
ru Глава государства поздравил вновь избранного Президента Швейцарии
ru Количество сделок купли-продажи жилья уменьшилось на 3,1%
ru В Казахстане вдвое сокращена очередь в детские сады для детей
ru О пресечении мошеннической деятельности сообщили в КНБ РК
ru В Жамбылской области ведётся строительство пяти газотурбинных установок
ru Спасатели обратились к астанчанам
ru Касым-Жомарт Токаев и Масуд Пезешкиан выступили с совместным заявлением

+77772555856
Написать нам




