• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

ТЖ жарияланған Арал ауданының жағдайы не болып жатыр?

Фото:Хабар 24

Алматы. 28 қыркүйек. Ақпараттар орталығы -  Жауын-шашынның аздығы мен ауа райының жылдағы қалыптан тым ыстық болуы әрі Сырдария суының азайып кетуінен Қызылорда облысын қуаңшылық жайлағаны белгілі, деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе құмды, шөлейтті жерді мекен еткен Арал ауданының тұрғындары қатты қиналды. Соңғы 4 жылда Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне Сыр өзенінен су мүлдем түскен жоқ. Құрғақшылықтан шаруалардың 600-ге жуық малы қырылды. 12 шілдеде Төтенше жағдай жарияланған аймақтың қазіргі ахуалы қалай? Ауылдағы ағайын қолдағы малын қыстан алып шыға ала ма? 2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 15 миллион теңгеге 105 бас тауарлы сиыр сатып алған Жәли Байтуғанов 5 жылда ірі қара санын 2 есеге өсірді. Аралқұм ауылынан жырақ орналасып, асыл тұқымды малын семіртіп сатып, 5 адамды жұмыспен қамтып жүрген шаруа биыл түліктің басын сақтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жаздыгүні бірнеше сиырынан айырылған ол, қалған малын келесі жылғы көкке қалай іліндіремін деген уайыммен жүр.

Жәли Байтуғанов, шаруа қожалығының төрағасы: - 2 жылдан бері қуаңшылық бізге білініп отыр. Қыс қалай болатыны белгісіз. Не болғанда да малды сақтап қалуымыз керек. Несиеміз бар оны төлеуіміз керек. Сенбі сайын жәрмеңкеге ет апарамыз. Малымызды өткізе алмай тұрмыз осы тұрғанда. Екі ортада делдалдар бар. Бізден 1500-1700 теңге алады. Сосын базарда өздерінің бағасын қойып сатады.

Тіршілік нәрінің жетіспеушілігінен төрт түлік аумақтағы жайылымдық және шабындықтардан талғажау етер қылтанақ таппай қалды. Мергенсай ауылының тұрғыны Әселхан Әбіловтың да бірнеше түйе-тайлағы оты жоқ далада құм жеп өлген. Қолдағы өзге азын-аулақ малын мемлекет жеткізген жем-шөппен аман алып қалудың сәті түсіпті.

Әсемхан Әбілов, Мергенсай ауылының тұрғыны: - Қатаң қыс болса жайылым жоқ деп көпшілігі біршама малын сатып жатыр. Қыстан қорқып. Мың жарым қап тегін жем берілді. 4 жарым мыңға жуық жоңышқа, пішен арзандатылған бағамен берілді. Шөптерді әкелу үшін және бағасын төмендету үшін жанармайын тегін беріп жатыр. Бұның барлығы халық үшін жасалып отырған үлкен көмек деп есептейміз.

Серік Сермағамбетов, Арал ауданының әкімі: - 5 мүйізді ірі қара немесе 10 шақты малы бар 2 жарым мыңнан астам отбасыға шөп тегін таратылған болатын. 263 миллион теңге қаржы бөлініп, 5478 отбасына жем тегін таратылды. Ол 1400 тоннаны құрады. Жергілікті жерден 41 мың тоннаға жуық шөп дайындалып, әлде де қамтамасыз етіледі. 

Бүгінде қуаңшылық зардаптарын жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қысқа қажетті мал азығының 55%-і шаруашылықтарға жеткізілді. Шалғай орналасқан 9 ауылдан мал суаратын ұңғыма қазу жобасы әзірленіп, қазір Мергенсайдағысы пайдалануға берілді. Жақында Ақбастыдағы құдықтан да мал су іше бастайды. Сонымен қатар Аспай су ағытқысын іске қосу арқылы Қамыстыбас-Ақшатау көлдер жүйесіне су құйылып жатыр. Нәтижесінде 7 мың гектардай шабындықты, 13 мыңға жуық гектар жайылымдықты суаруға мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар аралдық шаруа қожалықтарына көршілес облыстардың Ырғыз бен Ұлытау аудандарына малын қыстатып шығуына келісімдер жасалды.

Источник: Хабар 24

ru Глава государства встретился с молодыми учеными в здании Национальной академии

ru 49 несовершеннолетних отметят главный детский праздник в колонии Алматинской области

ru В 132 км от Алматы произошло землетрясение

ru Мошенники в области Ұлытау обещают трудоустроить в корпорацию «Казахмыс»

ru Токаев принял директора ТОО «Дорожный научно-производственный центр»

ru Токаев принял руководителя проекта ECO Network

ru Токаев провел телефонный разговор с Путиным

ru Токаев посетил новый международный терминал аэропорта Алматы

ru Задержаны преступные группировки, действовавшие на объектах АО “Qarmet”

ru Системные коррупционные риски вскрыты в сфере спорта

ru Деятельность незаконного криптообменника пресекли в Костанайской области

ru В пригороде Атырау подтоплено 3120 га сельскохозяйственных угодий

ru Умерла актриса Анастасия Заворотнюк

ru Разработан и внедрен Индекс благополучия детей

ru Судью Верховного суда освободили от должности

ru Правоохранители пресекли попытки влияния иностранного криминалитета

ru Четверых человек оштрафовали на 1,4 млн тг. за разведение костров

ru В Казахстане централизируют ономастическую работу

ru Процедура прохождения техосмотра изменится в Казахстане

ru Участок Кульджинского тракта расширят до шести полос

ru Два теракта предотвратил КНБ РК с начала года

ru Подозреваемый в убийстве экстрадирован из России

ru Четвертого подозреваемого в нападении на инкассаторов задержала полиция

ru На одной из трасс Атырауской области введено ограничение движения для

ru Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму поздравления Президенту Азербайджана

ru Заместителем руководителя аппарата акима города Алматы назначен Шархан Турсунбаев

ru Китайские юани набирают популярность в Казахстане

ru Пик паводка в Атырау еще не наступил: ДЧС

ru Задержан экс-замначальника ДП Алматы

ru В Алматы реконструируют трубопровод, введенный в эксплуатацию более 40 лет