• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

СҚО-да сібір жарасы табылған Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 1 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасының ошағы анықталған Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулы ашық нормативті-құқықтық актілер сайтында жарияланды . Ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы инфекциясының анықталуына байланысты ауруды жою және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша арнайы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және тиімді жүргізу мақсатындааудан төрт аймаққа бөлінді. Біріншісі - эпизоотия ошағы мен «Ақ-Ниет-Агро и К» ЖШС тиесілі жайылымды қамтитын эпизоотия ошағынан 6 км радиустағы қолайсыз аймақ. Екіншісі – буферлік аймақ. Қолайсыз аймақ шекарасынан 3 км радиусты қамтиды. Үшіншісі – буферлік аймақтан кейін 3 км радиусты қамтитын бақылау аймағы. Оған Новосельск ауылдық округіне қарайтын Горьков ауылы мен ЖШС жайылымы кіреді. Төртіншісі - Восход ауылдық округі Восход ауылын, Ұялы ауылдық округі Ұялы ауылын, Май ауылдық округі Май ауылын қамтитын бақылау аймағының шекарасынан тысқары қолайлы аймақ. Естеріңізге салайық, Новосельск ауылдық округінің әкімінің шешімімен 25 тамызда эпизоотия ошағында карантин белгіленді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Ақжар ауданы Новосельск ауылдық округінде орналасқан «Ак-Ниет-Агро и К» ЖШС тиесілі шалғайдағы жайылым аумағында ірі қара мал арасында сібір жарасы ауруы тіркелді. Инфекция екі малда табылды. Жалпы ауру анықталған ошақта 677 ірі қара мал бар. «Инфекция ошағы елді мекендерден және жануарларды ұстайтын басқа да шаруашылықтардан едәуір қашықта орналасқан. Шалғайдағы жайылымдардың оқшаулығы, сондай-ақ ауыру деңгейінің төмендігі арнайы ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және толық жүргізген жағдайда аурудың таралу жағдайын бақылауға мүмкіндік береді. Ауылдық округ елді мекендерінің аса тығыз болмауынан олардың арасындағы эпизоотиялық және шаруашылық аралық байланыстар аз, бұл сібір жарасының кең таралу ауқымын азайтады», - делінген түсіндірме жазбада. Бұған дейін СҚО-да ауыл тұрғынының күйдіргі жұқтырып, ауруханаға түскенін айтқан едік .



Источник: ҚазАқпарат

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища