• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Ревакцинация иммунитеттің айтарлықтай әлсіреуіне әкеледі – фейк

Алматы. 6 қазан. Ақпараттар орталығы - Әлеуметтік желі қолданушылары украиналық дәрігер Надежда Жолобактың сұхбатынан үзіндімен бөлісуде. Онда ол КВИ қарсы көп мәрте ревакцинация жасау иммунитеттің айтарлықтай әлсіреуіне әкелуі мүмкін деп мәлімдейді. Бұл 70-жылдары теңіз шошқаларында жүргізілген зерттеулермен дәлелденген екен. Қазіргі деректер бұл мәлімдемені жоққа шығарады, деп хабарлайды Хабар 24 stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Теңіз шошқалары зертханалық жануарлар ретінде қолданылады. Атап айтқанда, оларда аллергиялық реакциялардың ықтималдығын, белгілі бір препараттардың қауіпсіздігін және т.б. зерттейді. Теңіз шошқалары вакциналардың қауіпсіздігін және ревакцинацияны зерттеу үшін де пайдаланылған. 2017 жылы британдық ғалымдар «Теңіз шошқаларын тірі аттенуирленген микобактерия туберкулезіне қарсы вакцинамен ревакцинациялау MTBVAC BCG туберкулезден қорғауды жақсартады» зерттеуін жариялады. Тәжірибе барысында жануарларда иммунитеттің төмендеуі тіркелмеген. Бұған дейін, 2010 жылы теңіз шошқаларында жетілдірілген BCG вакцинасының әсері зерттелген. Жануарлардың иммундық жүйесіне жағымсыз әсерлер туралы хабарланған жоқ. Ал 2002 жылы АҚШ медицина институтының вакцинация қауіпсіздігі комитетінің мамандары жазған кітап жарық көрді. Онда ғалымдар вакциналар туралы танымал мифтерді, соның ішінде вакциналар иммунитетті тежейді деген мәлімдемелерді жоққа шығарды. 2018 жылы ғалымдар вакциналардың иммундық жүйеге әсері туралы тағы бір зерттеу жүргізді. Бұл жолы тәжірибеге 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар қатысты. Нәтижелер вакциналар адамдардың иммундық жүйесін әлсіретпейтінін көрсетті. Ал COVID-19 қарсы вакциналарға келетін болсақ, олар да адамдардың иммунитетін тежей алмайды. Бұған көптеген ғылыми тәжірибелер дәлел бола алады. ДДСҰ, Nature ғылыми журналы және Джонс Хопкинс институты осы ауруға қарсы ревакцинацияның қауіпсіз және тиімді екендігін айтуда. COVID-19 қарсы вакциналар иммунитетті төмендететіні туралы миф британдық Фрэнсис Крик институтының ғалымдары The Lancet журналында жарияланған ғылыми зерттеу нәтижелерімен манипуляция жасау нәтижесінде кеңінен тарады. Ол жарияланғаннан кейін қолданушылар КВИ қарсы вакциналар T жасушаларын бұзады деп жаза бастады. Алайда, кейіннен зерттеу авторларының бірі Associated Press-ке еңбекте мұндай тұжырымдар жасалмағанын және жүргізілген тәжірибе керісінше, вакцина «SARS-CoV-2-ге қарсы күшті, оң, Т-жасушалық қорғаныс реакциясын» тудыратынын дәлелдегенін мәлімдеді. Демек, вакциналар мен ревакцинация иммундық жүйеге теріс әсер етпейтінін және оны тежемейтінін дәлелдейтін теңіз шошқаларында да, адамдарда да жүргізілген көптеген зерттеулер бар.

Источник: Хабар 24

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы