• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері өз әлеуетін арттыруда

Фото:Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

РХБҚ әскерлерінің қару-жарақ құрамына Орталық Азияда баламасы жоқ отандық өндірістің РАСТ-2KZ  жаңа есептеу-талдау станциялары келіп түсті.

         Аталған РАСТ-2KZ есептеу мен талдау станциясы радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайда жинауды, талдауды және болжауды жүзеге асырады. Станция спутниктік байланыстың көмегімен автоматты режимде деректерді жедел өңдеп, орталыққа жібере алады.

2020 жылы РХБҚ әскерлері үшін басты сынақ коронавирустан туындаған пандемия болды. Ел үшін қиын кезеңде әскери қызметшілер азаматтық тұрғындарға көмекке келді.

Инфекциямен күресу үшін РХБҚ әскерлері бөлімшелерінің үш мыңнан астам әскери қызметшісі және 95-тен астам арнайы техникасы жұмылдырылды. Әлеуметтік маңызы бар объектілердің өңделген ауданы 60 млн.шаршы метрден, жолдар 4 мың шақырымнан асады.

Химиялық қорғаныс әскери қызметшілері қос мақсаттағы мамандар болып табылады. Бұл бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да мәселелерді шеше алатын мамандар. Пандемия кезінде әскерлер өздерінің кәсібилігі мен жоғары шеберлігін көрсетті. Олардың қару-жарақтары елді мекендер мен жабдықтарды, сондай-ақ әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.

Пандемиямен күрес тәжірибесі РХБҚ әскерлерінің қажеттілігін көрсетті, олардың маңыздылығын Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы атап өтті.

Бүгінде Қарулы Күштерде РХБҚ әскерлерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. 2020 жылдың сәуір айында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің департаменті құрылды, бұл РХБҚ әскерлерін басқарудың сапасы мен жеделдігін едәуір арттыруға, арнайы дайындық жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді

Химиялық қорғау әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің бейбіт уақытта олардың міндетін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін ұлғайту үшін олардың құрылымы мен құрамы қайта қаралды.Өңірлік қолбасшылықтардың құрамына арнайы міндеттерді орындайтын жеке батальондар кіреді. Бұдан басқа, құрамалар мен әскери бөлімдерде РХБҚ роталар мен взводтар бар.

Алдағы уақытта  РХБ қорғау жүйесін одан әрі дамытуға және туындаған қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюға күштер мен құралдарды әзірлікте ұстауға бағытталатын болады. Қарулы Күштерді РХБ қорғанысын қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыру мен кәсіби мамандармен жасақтау жалғастырылуда.


Источник: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони

ru Фонтаны в Алматы заработают 1 мая

ru Охранника морга в Алматы задержали за некрофилию

ru Увеличивается количество рейсов в г. Пекин

ru Более 13 тыс. казахстанских семей получили господдержку после паводков

ru 40 млрд тенге обращены в доход государства

ru 101-летняя жительница города Тараз внесла свой вклад в акцию «Таза

ru Лжеполицейских задержали в Шымкенте – МВД

ru Проблемные вопросы строительства в предгорной зоне г.Алматы рассмотрены на заседании

ru Виновный в смертельном ДТП с участием автобуса приговорен к 8

ru В экологической акции «Жасыл Аймақ» приняла участие и активная молодежь

ru В Алматы примут новый план реализации градостроительных регламентов

ru Предпринимателям компенсируют потери от паводков: утверждены правила

ru В Казахстане впервые вынесли приговор по факту хищения газа тепличным

ru В районе Эвереста запущена базовая станция 5G-A

ru Паводки в Казахстане: есть ли риски вспышки холеры и брюшного