• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстанның интернет қауымдастығы С. Матаевтың құқығын қорғауды талап етуде

Алматы. 25 ақпанАқпараттар орталығы.  «Қазақстанның интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  тергеуге қадағалау мен ерекше бақылауды қамтамасыз ету, Сейтқазы Матаевтың құқығының қорғалуын қамтамасыз ету талабымен Бас прокуратураға жүгінді. 

«Қазақстан қоғамдастығының Сейтқазы Матаевтың ұсталуына байланысты үндеуі

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы 2016 жылдың 22 ақпанында ҚР Журналистер одағы басқармасының төрағасы, «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің басшысы, «Қазақстан интернет қауымдастығы» ЗТБ мүшесі Сейтқазы Матаевқа қарсы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған деген күдікпен қылмыстық тергеуді бастап, оны ұстады.  

Біз жүргізіліп жатқан тергеуге баға бермейміз және айыптаулардың негізділігін де талқылауға тырыспаймыз. Алайда – Қазақстандағы белгілі журналист және қоғамдық қайраткерге, біздің елде ғана емес, шетелдегі әріптестері мен саяясаткерлер арасында да зор бедел мен үлкен абыройға ие Сейтқазы Матаевқа қарсы экономикалық сипаттағы тергеудің оның ұсталуына себеп болуы мүмкін еместігін мәлімдегіміз келеді.  Оның атына қатысты айыптаулар экономикалық сипатқа ие және сөз бостандығын шектеуге, ҚазТАГ ақпараттық агенттігі мен Ұлттық баспасөз клубының қызметін тоқтатуға жасалып отырған әрекет ретінде түсінілуі мүмкін.  Өкінішке орай С.Б.Матаевқа қатысты тергеудің саяси ангажирленуі бұқаралық ақпарат құралдарында қарқынды түрде басымдыққа ие болып барады.

«Қазақстан интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Бас прокуратураға тергеуге қадағалау мен ерекше бақылауды, Сейтқазы Матаевтың құқығының қорғалуын қамтамасыз ету және тергеуге барынша ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді талап етеді. Қазақстанның интернет қауымдастығына осы іс бойынша тек тексерілген ақпаратты ғана жариялауды, сенімді дерек көздеріне ғана жүгінуді, тергеу барысын барынша егжей-тегжейлі және толық жария етуді сұраймыз. 

Біз сонымен қатар ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің басшыларының назарын заң бойынша адамды қылмыскер деп тек сот қана айта алатынына аударғымыз келеді. Сондықтан Матаевтың әрекеттеріне бүгін таратылған құжатта көрсетілгендей «Матаевтар жасаған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып табылады» деген сияқты баяндаулардан тартынуларын сұраймыз. Кінәсіздік презумпициясы біздің әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен еркіндігімізге кепілдік береді. Сот шешіміне дейін адамды қылмыскер деп жариялауға болмайды»

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru 3 года без преступлений: жители села отказались от алкоголя в

ru «КазАвтоЖол» запустил онлайн-трансляцию на участках автодорог республиканского значения

ru Древние захоронения в городище Сарайшык защищены от подтоплений

ru Казахстанский миротворец встретился с африканскими школьниками

ru В Алматы определят «Лучший арт-объект из мусора»

ru Правила приема в школу изменили в Казахстане

ru Почему игнорируются статьи Закона РК «О газе и газоснабжении»?

ru Интенсивное озеленение Костанайской области идет в рамках акции " Таза

ru Фонд «Әділ сөз» сделал заявление в честь Всемирного дня свободы

ru Глава государства принял участие в церемонии открытия авиабазы Национальной гвардии

ru Аслан Абдраимов назначен вице-министром водных ресурсов и ирригации

ru Скоростной режим изменился на автомобильной дороге «Астана-Темиртау»

ru Инфляция в апреле 2024г. в годовом исчислении составила 8,7%

ru Почти 1,5 тысячи голов домашнего скота отогнали в безопасные места

ru В Казахстане могут появиться дороги японского качества

ru Токаев принял управляющего Международным финансовым центром «Астана»

ru Фрагмент пальца помог раскрыть преступление

ru Суд по делу о нападении на водителя скорой помощи будут

ru Антикор направил в суд дело в отношении Гульмиры Сатыбалды

ru Казахстанские школьники вошли в тройку сильнейших юных математиков Балканского полуострова

ru Казахстан увеличит тариф на транзит российской нефти в Китай

ru Меры по сдерживанию цен на овощи в межсезонье приняли в

ru Фейк о фейке разоблачили в eGov

ru Полиция продолжает проверки объектов массового скопления людей

ru Грозу и сильный ветер ожидают в Алматы 1 мая

ru Почти полкило гашиша пытались прислать из Швеции в Казахстан

ru 862 млн тенге были похищены при модернизации ураноперерабатывающего предприятия на

ru Рекордный рост экономики отмечен в Алматы за последние 10 лет

ru Задержан экс-министр внутренних дел Ерлан Тургумбаев

ru Полицейские Алматы посадили яблони