• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Қазақстан мен Катар бірлескен инвестжобаларды пысықтады

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 3 ақпан. Ақпараттар орталығы  - Қазақстан мен Катар бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл-Танидің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегацияның Қатарға жұмыс сапары өтуде.

Сапардың мақсаты – бірлескен нақты инвестициялық жобаларды пысықтау. Делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің басшылықтары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Қазақстанның бірқатар жеке компанияларының өкілдері кірді.

«Мойындауымыз керек, біз Қатардың барлық мүмкіндіктері мен осы елдің бізге деген достық қарым-қатынасына қарамастан, әлемдік инвестор ретіндегі әлеуетін толық көлемде пайдаланған жоқпыз. Катар – жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің үшінші көрсеткіші бар, бүкіл әлемде прогрессивті көзқарасы бар және Qatar Investment Authority тәуелсіз қор арқылы ең үздік активтерде инвестициялық қатысуы бар бай мемлекет. Бірақ осының бәрі ескере отырып, бізде іс жүзінде бірлескен инвестициялық жобалар жоқтығын белгілегім келіп тұр. Бұл біздің кемшілігіміз және біз Катарды қайта ашуымыз керек», - деді Алмас Айдаров.

Сапар барысында делегация мүшелері Катар Орталық банкінің төрағасымен, сондай-ақ «Qatar Sports Investments», «Qatar Mining», «Qatari Diar», «Hassad Food», «Widam», «Katara Hospitality» ұлттық компанияларының, «Qatar Investment Authority» Егемен қорының бірінші басшыларымен, сондай-ақ Катар бизнесмендер қауымдастығымен, басқа да жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы уағдаластықтардың жалғасы ретінде қазақстандық делегация тау-кен металлургия, агро- және қорғаныс өнеркәсіп кешендері, туризм, мұнай-химия сияқты салаларда жалпы бағасы 4,6 млрд долларды құрайтын 37 дайын «brownfield» жобасын ұсынды. Бұл жобалардың қазақстандық сенімді серіктестері бар және олар катарлық инвестициялық саясаттың ерекшелігін ескере отырып іріктелген.

Қазірдің өзінде Алматы облысында мал шаруашылығы мен сүт өндіру, тау-кен металлургия кешені мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы жобалар бойынша белсенді келіссөздер басталды. Сондай-ақ, туристік инфрақұрылымды кеңейту шеңберінде инвесторлар тарапынан Алматы және Маңғыстау облыстарында туристік объектілерді салу мүмкіндігіне сұраныс алынды.


 

 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Касым-Жомарту Токаеву подарили торт

ru Невероятное спасение ребенка полицейскими попало на видео в Таразе

ru Завершено расследование в отношении председателя Комитета рыбного хозяйства МСХ РК

ru Предприниматель Ануарбек Джексенгалиев приговорен к 6,8 годам за легализацию преступных

ru Автомобиль провалился в яму на трассе Атырау-Индер

ru Прокуроры Алматы вернули земли природного парка «Медеу»

ru Сквер на месте снесенного СИЗО появится в Алматы

ru Мужчина умер в полицейской машине в Жезказгане

ru Более 90 преступлений раскрыто четвероногими полицейскими Алматинской области

ru Казахстан и Китай договорились об оказании взаимной правовой помощи

ru Нурлан Ногаев освобожден от должности акима

ru Незаконно построенный магазин сносят в Алматы

ru НПП «Атамекен» и АФМ достигли соглашения о мерах по защите

ru АО «КазТрансГаз Аймак» провел ребрендинг и стал «QAZAQGAZ AIMAQ»

ru Вор, орудовавший в мечетях, задержан в Алматы

ru Ребенок погиб под колесами микроавтобуса в Алматинской области

ru В Алматы ожидаются проливные дожди

ru Имена Толоконникова, Померанцева, Хасангалиева и Серкебаева дадут улицам в Алматы

ru Правила рекламы БАДов, диетического питания и косметики разработали в Казахстане

ru Вдоль автодороги Караганда-Темиртау высадили 1000 деревьев

ru Запущен новый образовательный сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы