• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Оралмандар жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіріледі

Алматы. 28 сәуір. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы Қазақстанның жұмыс күші мол аймақтарынан 1259 оралманды көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, 2016 жылы Үкіметтің «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекіту туралы» Қаулысын іске асыру шеңберінде 1259 оралмандар отбасын жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшіру жоспарланып отыр.

Тарихи отанына оралған этникалық қазақтарды орналастыру аймақтық квоталары келесі кезекте бөлінген: Павлодар облысында – 690 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 260 отбасы, Ақмола облысында – 123 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 108 отбасы, Батыс Қазақстан облысында – 29 отбасы, Атырау облысында – 28, Қостанай облысында – 21 отбасы.

Жоғарыда аталған Қаулыда жұмыс күшіне сұраныс мол аймақтарға қоныс аударғысы келетін ҚР азаматтарын көшіру де қарастырылған. Бұл бағытқа 463 қоныс аударушы отбасын қабылдау квоталары бөлінген: Павлодар облысында – 300 отбасы, Солтүстік Қазақстан облысында – 101 отбасы, Шығыс Қазақстан облысында – 40 отбасы, Қостанай облысында – 22 отбасы.

Аймақтық квоталар тізіміне кіретін оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ олардың отбасыларына көшу кезінде көмек көрсетіліп, жұмысқа орналасу, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

«Аймақтық квотаға өтінім беру кезінде оралман куәлігі бар тарихи отанына келген этникалық қазақтар қатыса алады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Оралман мәртебесін алу және квота тізіміне енгізу мәселелері бойынша тұрғылықты мекен-жайына қарай облыстық, Астана, Алматы қалалары жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтінім білдіруге болады.

Аталып өткендей, ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап ҚР ДСӘДМ қолдауымен оралмандар мен қоныс аударушыларға қажетті толық ақпаратты қамтитын «Ұлы көш» ақпараттық порталы өз жұмысын бастайды.

Ведомствоның мәліметі бойынша 1991-2015 жылдар аралығында 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақтар тарихи отанына оралып, оралман мәртебесіне ие болды. Бұл жалпы халық санының 5,5%-ын құрайды.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в