• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Жаңа қаулы: Алматылық студенттерге қойылатын талаптар

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 26 тамыз. Ақпараттар орталығы -  Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «Білім беру мекемелеріндегі коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі талаптар туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы екпе алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған) студенттерді жатақханаға орналастыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру қажет. Шетелдік студенттер төменде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі: - тұратын елдің уәкілетті органы бекіткен вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР тестілеудің теріс нәтижесі. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, асханалар мен буфеттерге: - респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары); - QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға; - COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) кіруге жол берілмейді. Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.



Источник: ҚазАқпарат

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в