• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

Биологиялық қауіпсіздік мамандарын даярлауға 400 грант бөлінеді

Фото:ҚазАқпарат

Алматы. 17 қыркүйек. Ақпараттар орталығы - Биологиялық қауіпсіздік саласында қатерлі микроорганизмдермен тікелей жұмыс істейтін мамандар дайындау үшін 400 грант бөлінуі мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Мәжіліс депутаттарына осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш бастама «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасының аясында көтеріліп отыр.

«Бізде мамандар жоқ емес, бар. Бірақ толыққанды биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ұсынылып отырған заң жобасында осы салаға жаңа мамандарды барынша көбірек тарту көзделген. Санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар дайындауға 400 грант бөлу қарастырылған. Әрине, оларды бұл салаға мамандандыру маманның оған дейін алған базалық біліміне сай жүргізіледі. Өйткені биологиялық қауіпсіздік саласының маманы өзі жауап беретін саланың да маманы болуы керек. Егер ветеринария саласындағы биологиялық қауіпсіздік маманы болса, ветеринария саласының базалық білімін меңгерген болуы керек. Өсімдік шаруашылығы болса, оған сәйкес базалық білімі болу керек деген сияқты. Бұл жерде біздің айтып отырғанымыз – биологиялық тірі организмдермен жұмыс істейтін мамандардар. Патогендер деп бөліп айтып отырғанымыз сондықтан», - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Вице-министр заң жобасындағы бұл ұсыныс қабылданса, жоғары оқу орындарының қоғамдық денсаулық сақтау факультеттеріндегі оқыту бағдарламасы өзгертілетінін атады.

«Елдегі санаулы жоғары оқу орнында қоғамдық қауіпсіздік факультеттері бар. 400 грант бөлінсе, мамандарды сол факультеттер базасында оқытамыз. Нақты айтсақ, қазір ондай факультеттер Қарағанды және Алматы медициналық универсиеттерінде бар. Осындай ЖОО-лар базасында санитарлық-гигиеналық бейіндегі мамандар даярлау жоспарланып отыр. Ол үшін біз оқыту бағдарламасын өзгертеміз. Соның арқасында аталмыш бағыттағы сағаттар саны көбейтіледі», - деді Ерлан Қиясов.


 

 

Источник: ҚазАқпарат

ru Сколько составила средняя зарплата в Казахстане

ru Конкурс карикатур прошел в колонии ЗКО

ru Президент принял министра внутренних дел Ержана Саденова

ru Госаудит выявил нарушения почти на 26 млн тенге в одной

ru 365 фактов фиктивной вакцинации выявили прокуроры в ВКО

ru Токаев принял министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Водителям мопедов дадут полгода, чтобы зарегистрировать их и получить права

ru Бишимбаев приговорен к 24 годам заключения

ru Поджигатель машины задержан полицией Алматы

ru 12 тыс. км дорог планируется отремонтировать в 2024 году

ru Токаев принял министра культуры и информации Аиду Балаеву

ru 100% учебников оцифрованы в Казахстане

ru В Алматы за месяц высадили 30 тысяч деревьев

ru В СКО начато строительство 200 домов для пострадавших от паводков

ru Первый казахстанско-африканский фильм выходит в казахстанский прокат

ru 10 тонн мусора вывезено с берегов Капшагайского водохранилища

ru Полиция переведена на усиленный вариант несения службы в Алматы

ru Приговор Бишимбаеву огласят 13 мая

ru Меры по обеспечению поливной водой на юге страны находятся на

ru Правительством на борьбу с саранчовыми вредителями выделено 8,1 млрд тенге

ru Получить место в общежитии студенты смогут через проактивную услугу

ru Женский экипаж Академии гражданской авиации совершил первый полет

ru Уровень реки Жайык в селе Махамбет превышает критический уровень на

ru Кто стоит за депутатскими запросами?

ru Жаңа адамдар: В Казахстане зарождается новое сообщество – «те, кого

ru Жаслан Мадиев назначен министром цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ru Альпиниаду в Алматы перенесут на другой день и на другой

ru Адвокат подозреваемого сможет копировать протоколы его допроса

ru Аэропорт Астаны опроверг сообщения о срыве капитального ремонта полосы

ru Полиция помогла гражданину США с поиском информации о родственниках в